
Облыстық білім басқармасы интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Биылғы қыркүйек айына дейін интернет жылдамдығы төмен барлық мектеп STARLINK технологиясына қосылады.

Starlink технологиясына қосылу үшін облыста интернет жылдамдығы төмен мектептер анықталды. Абай ауданы – 5, Аягөз – 10, Бесқарағай – 16, Бородулиха – 23, Жарма – 23, Көкпекті – 13, Ақсуат – 9, Семей қаласы – 4, Үржар – 29.
Осы мектептерде локальді желіні жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде интернет жылдамдығы орта есеппен секундына 150 МегаБитке дейін артады.