USD514.65EUR544.6RUB5.17

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

24 сәуір 2024, 15:58
Күнделікті өмірде электр жабдықтардың адам өміріне кері әсері жайлы ақпараттарды жиі естиміз. Төрткүл дүниенің түйіткілді мәселесі жайында сан түрлі ғылыми жаңалықтар ашылып, зерттеулер жүргізілген. Бүгін дәл сол зерттеушілер қатарына Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әлихан Келсінғазин және Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Адель Мамутова еніп, ғылыми еңбектері авторлық құқық құжатын алды.
Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Зерттеушілер ғылымның аса күрделі саласы – электромагниттік толқындардың эмбриондық дамуға әсері жайлы тың жаңалық ашқан.  Қарапайым «lissachatina fulica» ұлуын зерттеуге ала отырып, олардың организмдеріне электромагниттік сәулелердің әсерімен қатар, генетикалық салдарын да қарастырған.

Бұл жоба белсенді ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға, электромагниттік толқындар мен экожүйенің күрделі өзара әрекеттесуін түсінудегі маңызды қадам болып табылады.

Жас ғалымдардың ізденістеріне биология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Айнұр Қыдырмолдина мен химия пәнінің мұғалімі Меруерт Құдабекова жетекшілік жасады.

Сондай-ақ, Әлихан мен Адельдің ғылыми туындылары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының NIS желілік кезеңінде күміс медаль иеленген.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar