
Олар бұл мәртебеге Астана қаласында мектеп оқушыларының арасында пікір-сайыстан өткен ұлттық чемпионатта ие болған.
- Ұлттық чемпионатқа іріктеуден өткен 38 команда қатысты. Дебат түрлі тақырыптарды қамтыды. Оның ішінде қоғамдағы әлеуметтік мәселелерден бөлек, әлемдік деңгейде шешімін табуы тиіс саяси жағдайларға байланысты да сұрақтар көтерілді. Чемпионатқа тыңғылықты дайындалуымызға көмек жасаған жетекшіміз Зухра Зайниеваға алғысымызды білдіргіміз келеді, -дейді пікір-сайысшылар.
«El Umiti» корпоративтік қоры қолдау білдірген ұлттық чемпионат ағылшын тілінде ұйымдастырылғанын атап өткеніміз жөн.
Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі