USD444.22EUR476.38RUB4.82

Семейлік зияткер американдық төрт университеттен шақырту алды

04 сәуір 2023, 15:38
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Шырын Нұрлыбек Катардағы Джорджтаун университетінің студенті атанды. Ағылшын тілін жетік меңгерген шәкіртіміз аталған оқу орнына түсу арманы болғанын жасырмайды
Семейлік зияткер американдық төрт университеттен шақырту алды

- Кез-келген жоғары сынып оқушысы сияқты жақсы жоғары оқу орнына түсу жоспары менде де болды. Таңдауым бірден АҚШ  немесе әлемнің әр қиырындағы американдық университеттерге түсті. Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені, бұл оқу орындарында білімді сапалы береді. Қазіргі таңда Georgetown University in Qatar, New York University Shanghai, Bucknell University, Bates College сынды танымал оқу орындарының студенті атану мүмкіндігі туып отыр. Солардың арасынан Катардағы Джорджтаун университетінде білім алсам деп ұйғардым, - дейді Шырын Нұрлыбек.

            Катар астанасы Доха қаласында 2005 жылы ашылған университет әлемге өзінің түрлі сала мамандарын даярлаумен танымал. Университетте жер шарының 65 мемлекетінен жастар келіп білім алады. Солардың арасында қаршадай қазақ қызының болуы қалай ғана қуантпайды?

            - Менің естуімше, бұл университетке Қазақстаннан жылына 3 талапкер ғана оқуға түсетін көрінеді. Өзім халықаралық дипломатия мамандығын таңдап отырмын. Маған көпшілік алдында сөз сөйлеп, қоғамдағы өткір мәселелерді жеткізу ұнайды. Бұл ретте мектепішіліктен бастап халықаралық деңгейге дейінгі аралықта өткен БҰҰ Моделі конференцияларының көмегі көп тигенін жасырмаймын. Осы конференцияларға қатысу арқылы дүниетанымымды кеңейтіп, қоғамның жақсаруына үлес қосқым келеді, -дейді шәкіртіміз.

            Биыл мектебімізден түлеп ұшқалы отырған Шырын Нұрлыбек IELTS  көрсеткіші бойынша – 8 баллға ие болса, SAT академиялық бағалау тесті бойынша 1470 ұпай жинаған.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar