
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері үлкен жеңіске қол жеткізіп, қуантып тастады.
Шымкент қаласында наурыздың 20-25 аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы өтті. Аталған білім бәйгесіне мектебімізден 4 оқушы қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
І орын (алтын медаль) иегерлері:
Олимпиадаға информатика пәнінен қатысқан 12 сынып оқушысы Мухаммадариф Сахмолдин;
Биология пәні бойынша 9 сынып оқушысы Серік Бексұлтан;
ІІ орын (күміс медаль) иегерлері:
Физика пәнінен 10"К" сыныбының оқушысы Мирас Амирбеков;
10"В" сыныбының оқушысы Дамир Екібаев
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі