«Балдаурен» РОСО базасында 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" ХVIII республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының қорытынды кезеңі өтті
Байқау 12 секция бойынша өткізілді.
Қазақстанның барлық облыстарынан 252 мектептен 569 оқушы ең мықты атағы үшін күресті. Абай облысынан 31 оқушы қатысып, 23 жобаны қорғады.
Команданың қоржынында 15 жүлделі орын, 3 грамота бар. 21 жеңімпаз дипломдармен марапатталды: 1 дәрежелі – 6 оқушы, 2 дәрежелі – 6 оқушы, 3 дәрежелі – 9 оқушы.