
Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері , студенттер қатысты.
Іс-шара барысында автор Қазақстан, Ұлыбритания, Корея, Бразилия, Мексика, Түркия, Иран, Аргентина және Франция сынды елдердің жетекші көрмелерінде қойылып жүрген әлеуметтік суреттерінің салыну тарихы, олардың идеясы мен мақсаты, салыну техникасы мен ерекшеліктері туралы, өз шығармашылығы мен дизайнерлік қызметі туралы әңгімеледі.
Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М. А. Бахатова мәдениет қызметкерлері атынан құттықтау сөз сөйлеп, суретшіге шығармашылық табыс тілеп, М. Әуезовтің «Абай жолы» кітабын сыйлады.