
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үкімет отырысында айтып берді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде интернет жылдамдығы төмен мектептер саны (2022 жылы 70%) 33%-ға (104 мектеп) дейін қысқартылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 28%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Абай облысында барлық 303 мектеп интернетпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 87 қалаларда, 228 ауылдарда.
Биыл интернетті жақсарту үшін Абай, Үржар, Жарма аудандарында, жиырма ауылдық мектепте интернет жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін 9 антенна-діңгекті құрылысын салуға қарастырылған.
Бұдан басқа, қалған 84 ауылдық мектеп (Бородулиха, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай аудандары) бойынша интернет жылдамдығын арттыру, техникалық мүмкіндікті анықтау және қажетті қаражатты есептеу бойынша қызмет көрсетушілермен жұмыс жүргізілуде.