
Конкурстың мақсаты: математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурс 4 секция бойынша жұмыс жасады.
1. «Математика» - 42 оқушы;
2. «Қолданбалы математика» - 28 оқушы;
3. «Механика» - 51 оқушы;
4. «Экономикадағы математикалық әдістер» - 29 оқушы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.

Абай облысынан 6 оқушы қатысып, оның ішінде 4 оқушы жүлделі орынға ие болды:
Токенов Нурадиль, Семей қаласы, № 3 ЖОББМ – 2 орын, «Қолтанбалы математика» секциясы;
Нұрғалиев Арыстан, ФМБ НЗМ – 2 орын, «Қолтанбалы математика» секциясы;
Курбанова Ильнара, Семей қаласы, № 35 ЖОББМ – 2 орын, «Математика» секциясы;
Жайдахметова Әсем, Аягөз ауданы, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» – 3 орын, «Механика» секциясы;
Байбосынова Мөлдір, Аягөз ауданы, № 5 ЖОББМ – Грамота, «Математика» секциясы;
Сәтбекова Ақерке, Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» - сертификат, «Экономикадағы математикалық әдістер» секциясы.