
Семинар аясында мемлекет басшысының Жолдауларының негізгі бағыттарын түсінуге бағытталған іс-шаралар өткізілді: «Тәттілерге акциз енгізу қажет пе?» пікірсайыс турнирі, «AntiParaCraft» антикоррупциялық квест ойыны, «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» сыныптан тыс іс-шара, «Мемлекеттік реформалар: конструктивті диалог» дөңгелек үстел.
Іс-шаралар барысында қатысушылар патриоттық және саяси тәрбие бойынша тәрбие жұмысының тәжірибесінде қолданылатын жұмыс түрлерімен танысты, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жастар саясаты, білім беру, әлеуметтік және экономикалық орта салалардағы бастамаларын қолдау бойынша пікір алмасты.
Осы тұрғыдан тарих ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті» КеАҚ доценті Ибраемова Майра Сансызбаевна баяндамасын қорғап, жеке пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, алдағы келе жатқан сайлаудан онды нәтижелер күтетінін де жеткізді. Кешке Жакупбаева В. К. Соғымбай О.А. қатысып, алғыстарын білдірді.