
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос ұстазы V Халықаралық «IMPACT Olympiad-2023» ашық шығармашылық байқауында жүлдегер атанды.
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары арасында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия, Ресей және т.б мемлекеттерден 200- де астам ұстаздар қатысқан. Олимпиада барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.
3 күндік байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин күміс медаль, информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Амежанов қола медаль жеңіп алды.
Әріптесіміз Нұрғазы Сейітқазыұлы зияткерлік мектеп жүйесінде – 8, Жасұлан Жасболатұлы 3 –ші жыл еңбек етуде.
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі