USD502.47EUR525.83RUB5.68

«From Semey» көрмесі

10 ақпан 2023, 15:55
Бүгін Семей қаласының Политехникалық колледжінде «From Semey» атты кең көлемді көрме өтті.
«From Semey» көрмесі

Көрменің ұйымдастырушысы - Семей қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі. Көрмедегі бұйымдарды тамашалауға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және архитекторлар қатысты.

Бұл көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат-жергілікті тауар өндірушілердің кәсібіне қолдау таныту. Семей қаласының экономикалық дамуына орасан зор үлес қосып келе кәсіпорындар өзара тәжірбие алмасты.

"Біз өнімдерімізді бұрын өзге қалаларға ұсынатынбыз. Жергілікті әкімдіктің бұйымдарға қызығушылық танытып жатқанына қуаныштымын",- деді Рауза Гаврилова.

Көрмеге 30-дан астам жергілікті кәсіпорын қатысып, тоқыма, полиграфия, қағаз, жиһаз, пластикалық материалдар, металл, құрылыс және басқа да қолдан жасалған өнімдерін ұсынды. Олар өз өнімдерін таныстырып, ерекшеліктері туралы баяндады.

"Биыл алдымызда үлкен шаруалар күтіп тұр. Семей қаласын көркейту мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз. Осындай өз өңірімізде кәсіпкерлердің барына қуаныштымыз. Болашақта бірлесіп жұмыс істейміз деп ойлаймын",-деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar