
Кеш барысында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бауыржан Игілік және Абай кітапханасының қызметкері Жанар Әбішева сөз сөйлеп, шымылдығын ашты. Ақиық ақынның поэзиясы мен сөздеріне жазылған өлеңдері дәріптелді.
Бауыржан Иглік Мұқағалидың өмірбаянына шолу жасап, қызықты деректерді келтіріп, кеш ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді. «Қаракөз студент-жастар театры» ақынның поэзиясынан үзінділер оқыса, «Ана сен бақыттысың», «Сәби болғым келеді» әндері шырқалды.
Сондай-ақ, көрермен жастарды да назардан тыс қалдырмай сөз кезегі берілді. Көрермендер арасынан шығып, Мұқағалиға арнау арнап, ақын поэзиясынан өлеңдер оқыған жастар да табылды. Әсіресе, Темірлан Темірбай, Азамат Серіков өз шығармашылығымен халықты тәнті етті.