USD447.4EUR477.55RUB4.76

2021 - 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында 102 жас жұмыспен қамтылды

08 ақпан 2023, 10:07
«Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Абай облысы бойынша филиалымен бірлесіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізді.
2021 - 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында 102 жас жұмыспен  қамтылды

Аталған іс-шара барысында облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мерхат Қабдешов кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын түсіндірді. 
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 312 адам қамтылды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 184 адамды жіберу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта қысқа мерзімді оқуға ниет білдірушілер саны 177 адамды құрайды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды 110 қатысушыға беру жоспарлануда. Мемлекеттік гранттарды алу бойынша 222 адам өтініш білдіріп, мемлекеттік гранттар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілді.
Тұрақты жұмыс орындарына 58 адам жұмысқа орналастырылды.
Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам жіберілді, жылдық жоспар 271 адамды құрайды.
Жастар тәжірибесіне 28 оқу орнының түлектері жіберілді. Жылдық жоспар 499 жасты жұмысқа орналастыруды көздейді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 103 адамды жіберу жоспарлануда. Қоғамдық жұмыстарға 53 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар 1052 адамды құрайды. 
«Ағымдағы жылы аталған жобаларды өз деңгейінде жүзеге асыру үшін алдағы уақытта барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз», - деді Абай облысы Семей қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Дариға Абайқызы. 
 «Күміс жас» жобасы бойынша 27 адам жолданды, жылдық жоспар 396 адамды құрайды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 4 азаматты жұмысқа жолдау жоспарлануда.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында 2023 жылға құрамында 140 адам, 70 отбасы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға квота  қарастырылды. Оның ішінде қоныс аударушылар 40 отбасы (80 адам), 30 отбасы (60 адам) қандас бауырларымыз. 
2023 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі өңірлік комиссиямен 9 отбасы (16 адам), оның ішінде қоныс аударушылар 3 отбасы (9 адам), 6 отбасы (7 адам) мақұлданды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Абай облысы  бойынша филиалының өкілі Лиана Вартагава қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі ұғымдары, «МӘСҚ» АҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеу, «МӘСҚ» АҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің бес түрі бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру, жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тетіктері туралы хабардар етті.  Кездесуге Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы шамамен 441 млрд теңгеге 1,2 млн адам әлеуметтік төлем алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 30% - ға артық.
Еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Төлем медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін 30% - дан 100% - ға дейін белгілеген кезеңде жүзеге асырылады және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі.  2022 жылы көрсетілген төлемді МӘСҚ-дан 30,5 млрд.теңге сомасына 97,6 мың адам алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері - 37 784 теңгені құрайды.
Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету үшін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшері жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемдер мөлшері 8,5% - ға ұлғайтылды.  
МӘСҚ-дан жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан тағайындалады. Төлем құқығы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тіркеледі (enbek.kz). Төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 2022 жылы аталған төлемді 19,1 млрд. теңге сомасына 110,6 мың адам алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері - 44 833 теңгені құрайды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін көтерілді. 
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. 2022 жылы бұл біржолғы төлемді 251,1 мың теңгені болашақ ана жалпы сомасы 197,9 млрд теңгеге алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 809 226 теңгені құрайды.
МӘСҚ-дан бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% -ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2022 жылы бұл төлем 321,8 мың адамға тағайындалды. Жыл ішінде барлығы 171,9 млрд теңге төленді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 45 942 теңгені құрайды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar