
Командаларға әртүрлі тақырыптар бойынша сұрақтар берілді, оларға дұрыс жауап беру үшін терең білім ғана емес, тапқырлық, логикалық ойлау қажет.
Чемпионатты «Атом саласының ақпараттық орталығы» дербес коммерциялық емес ұйымы, «Болашақ энергиясы» Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықтарды дамытудың дербес коммерциялық емес ұйымы және «Ұлттық балалар технопаркі» білім беру мекемесі ұйымдастырды.
Қазақстанда бұл чемпионаттың облыстық кезеңі күзде Балалар жылына орай ұйымдастырылған болатын. Онда Шәкәрім университеті және қаладағы бес мектептің оқушылары қатысты. Құрамында жоғары сынып оқушылары Анастасия Петрова, Амина Қуанышқанова, Адам Байдинов, Рахат Жиенғұлов, Никита Завалов және Әлішер Колобердин бар. Сайыста Чернышевский атындағы N1 орта мектептің командасы жеңіске жетті.
Дәл осы команда желтоқсан айында өткен республикалық чемпионатта Абай облысының намысын қорғады.
«Финал Астанада «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы жанындағы Ядролық технологиялар ақпараттық орталығының базасында өтті». Оқушылар тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде: «Чернышевец» командасы Қазақстан атынан қатысқан қатысушылар арасында 2-дәрежелі диплом иегері атанды», - деп топ жетекшісі, №1 орта мектептің мұғалімі Вячеслав Якушев балалардың жетістігімен бөлісті.
Ал осы аптада оқушылардың күміс жүлдегерлерін құттықтауға «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы жанындағы Атомдық технологиялар ақпараттық орталығының директоры Сейіт Әлиев пен Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулдығының вице-консулы Александр Дьяченко құттықтады.