USD448.15EUR483.46RUB4.86

Семейлік Мұхаммадариф Еуразиялық олимпиадада топ жарды

07 желтоқсан 2022, 16:52
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммадариф Сахмолдин информатикадан XIV Еуразиялық олимпиадасында І орынды жеңіп алды.
Семейлік Мұхаммадариф Еуразиялық олимпиадада топ жарды

Алматы қаласында ұйымдастырылған олимпиадаға еліміздің 36 командасынан бөлек көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің командалары қатысқан.

 Дәстүрлі олимпиада жылдағыдай 2 тур бойынша өткізілді. Іріктеу турдан іркілмей өткен шәкіртіміз қорытынды кезеңде де өзінің мықты екендігін дәлелдеп шықты.

Нәтижесінде жеңіс шыңынан көрініп, ұйымдастырушылар тарапынан  диплом әрі алтын медальмен марапатталды. Бұдан бөлек, Мұхаммадарифке Қазақ-Британ техникалық университетінің гранты табысталды.

Мұхаммадариф Сахмолдин - информатика пәнінен бұған дейін республикалық және халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын, халықаралық International Olympiad in Informatics білім бәйгесінің күміс және қола медальдарының иегері.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar