USD446.49EUR475.38RUB4.79

Ұстаз бен шәкірт мемлекеттік тіл біліктілігін анықтайтын тест ойлап тауып, сайт жасап шығарды

29 қараша 2022, 15:34
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Аяулым Хамитханова мен ұстазы Сымбат Мажиков кез-келген адамның мемлекеттік тілді қай деңгейде білетіндігін анықтайтын тест ойлап тапты.
Ұстаз бен шәкірт мемлекеттік тіл біліктілігін анықтайтын тест ойлап тауып, сайт жасап шығарды

Сонымен қатар, аталмыш тест үшін көпке қолжетімді сайт жасап шығарды. 

Жуырда олар осы еңбектері үшін авторлық құқыққа ие болды. 

Ұстаз бен шәкірт «QazUp - қазақ тілі сөз қорын анықтаушы тест» атты жобаны жүзеге асыру үшін 1 жарым жылдан артық еңбектенген.

- Жоба идеясының авторы ұстазым Сымбат Мажиков. Жоба өте өзекті. Өйткені, тілдегі біліктілік деңгейді анықтауға мүмкіндік беретін ұқсас жобалар бұрын-соңды жасалмаған. QazUp тесті - қазақ тілінде жиі қолданылатын сөздерден бастап ең сирек қолданылатын сөздерге дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар,  ойдан шығарылған сөздер кездеседі. Бұл сынақ тапсырушыларды жаңылдыру үшін әдейі жасалған.  Тест оңай деп айта алмаймыз. Өйткені, тесті тапсыру барысында шекті балды жинай алмаған адамдар бар, - дейді жоба авторларының бірі Аяулым Хамитханова.

Жобаны жүзеге асырушылар тесттің мемлекеттік тілден сынақ тапсырушылар үшін таптырмас көмекші құрал екендігін айтып отыр. Себебі, QazUp тесті қазақ тіліндегі 30 мың сөзді қамтиды. Осы арқылы олар мемлекеттік тілдің дамуына үлес қоспақ.    

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar