
- Білім және ғылым министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім беру бағдарламасына жол қозғалысы ережелерін зерделеуді міндетті түрде енгізу, осы жұмысқа жұмыс істеп тұрған инспекторларды тарту мәселесін қарастыруды тапсырды, - деп тапсырды ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов отырыста 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында жолдарда балалардың жарақаттануын азайтуға бағытталған жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланғанын қосты. Барлық өңірлерде жол белгілерінің, таңбалардың болуына, бағдаршамдардың жарамдылығына тексерулер жүргізілетін болады. Сондай-ақ, мектеп автобустарында балаларды тасымалдауға лицензия бар-жоғын тексереді.
Бұдан басқа, ТЖМ-мен бірлесіп мектептерде өрт, жер сілкінісі, террорлық шабуылдар бойынша арнайы сабақтар өткізілетін болады. Полиция қызметтерінің басшылары мектептерге қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері бойынша көшпелі сабақтарды қосымша ұйымдастыратын болады.
ФОТО: kazpravda.kz