USD449.58EUR486.94RUB4.86

БАТЫР БАБА ІЗІМЕН

25 шілде 2022, 15:24
Өткеннен өнеге алмай келешекке керуен тарту мүмкін емес. Президент Қ.Тоқаев 2022 жылы 16 наурыздағы Жолдауында ұлт ұясы - Ұлытаудың, жер жәннаты - Жетісудың тарихи мәнін жаңғыртып, Абайдың ұлылығын асқақтатып, ірі кадам жасап, халықты бір серпілтті.
БАТЫР БАБА ІЗІМЕН

Осындай келелі істерді қолдау мемлекеттік мекемелермен бірге, үкіметтік емес ұйымдарға да парыз.

Сондықтан, Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жыл толғанына орай,Халықаралық «Қабанбай» қоры мен Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қабанбай батыр бастаған қазақ қолының жер жаһанды жаулаған Жоңғар империясының мұздай қаруланған басқыншы әскерінен ұлан-ғайыр жерімізді азат еткен жорық жолдарын, атап айтқанда, Қабанбай батырдың Абылай ханнан «Дарабоз» және «Хан батыр» атағын алған Абай ауданындағы «Қоңыр әулие» үңгірі және жоңғарлармен соңғы соғыстардың бірі болған Үржар ауданындағы «Ойран» бағытында өлкетанушы әрі Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы Нұрқасым Ертіс Көлбайұлын биылғы жылдың шілде айының 10-ынан кейін велосипедпен жүріп өткізуді жоспарлап отыр.

Алдағы уақыттарға танымдық экспедиция ұйымдастырылып, баһадүр басқан әр із ұрпақ жадында жаңғырады. Аталған екі қоғамдық ұйымның атынан тарихи экспедиция жасаушы жаңадан ашылған облыс орталығы Семей каласынан сапарын бастап, Үржар ауданының Қабанбай ауылы мен Алакөлден экспедицияны аяқтайды.

«Экспедицияның мақсаты - екі алпауыт мемлекет Ресей мен Қытайдың арасындағы Қазақ мемлекетінде баба тіліміздің мәңгі жасауын насихаттау және еліміздің басынан өткен қилы тарихты жаңғырта отырып, мемлекет тірегі болатын ұлттық рухымызды көтеруге ықпал ету. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Саурық, Райымбек сынды ел үшін туған ерлердің, күллі қазаққа ортақ қаһармандардың есімдері, ерлігі үнемі айтылып жүрсе ұрпағымыз ұсақталмайды. Біздің басты мақсатымыз да осы»,- дейді Ертіс Нұрқасым. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар кең ауқымда жалғасын тауып, өрісін кеңейте бермек деп сенеміз.

Сымбат  Жайсанбекова

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar