USD449.58EUR486.94RUB4.86

Дара тұлғаға тағзым

10 қаңтар 2020, 10:59
Семей жұртшылығы Қайым Мұхамедхановтың туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың туған күніне орай өткен шараға біраз қауым жиналды. Осыған байланысты семейліктер жазушыны бір минут үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне шаһар тұрғындары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Дара тұлғаға тағзым

Қайымның өмірдің қандай да бір қиын кезеңдерінде айтқан ойлары мен әрекеті  біздер үшін моральдық ұстанымға және жалпыадамзаттық құндылықтар өлшеуішіне айналды.

«Өзекті жанға бір өлім. Мен сол кезде: өлсем, алаш азаматтарынан жаным артық емес ... деп ойладым ... » (1951 ж. НКВД азабы туралы естелік)

 «Жалған сөйлегенше, өлген артық. Жалған сөзден кейін, қалай өмір сүруге болады? ...» (Қ.Мұхамедханов М.Әуезовты сатпады, яғни – отанын сатпады, Абай мектебін және адамгершілік қасиетін сақтап қалды).

«Менде кек қайтару сезімі жоқ, бірақ менің азап пен запа шеккен ар-намысым, Сіздің құзырыңызға жоғарыда айтылған жайларды жеткізеді ...»  (Карлаг бастығына жазылған хаттан. Түрме әкімшілігі қамаудағы адамдарға келген сәлемдемені ұрлап, оларды кемсітіп, намысына тигені себепті, адам құқығының бұзылуымен күресуге тура келді). Адал жандармыз ғой, ақыры қайырлы болсын.

«Ақ ниетпен тілеген ақ тілеуім қабыл болып, туған жер, өскен еліме аман-есен оралатыныма сенемін (балаларына жазған хаттан)

 «... бір ауыз өтірік айтудан, алдаудан аулақ болыңдар. Тәртіпті, тәрбиелі, байыпты адам болыңдар (балаларына өсиет)

«Абайды танып білген, сондай-ақ, Абай өнегесімен сусындаған адамға,  өмірдің тауқыметін жеңіп шығу жеңілірек болмақ. Оған басқадай моральдық кодекстің қажеті шамалы. Десек те,  мұндай адамдар көбірек болса ... »

«Біреу өтірікті ойдан шығарып, құрайды. Кейбіреу оған сенуге әзір. Біреу жалған атақ іздейді. Егер біз дұрыс ойлай алмасақ, халық атына лайық боламыз ба?  (тарихтыфальсификациялау, жалғанойданшығарылғанбатырлар  туралы)

«Бақыт дегеніміз – еркіндік, адал сөйлеу және ештеңеден қорықпай өмір сүру. Тек осылайша өмір сүру керек!  Мұның адам өміріндегі маңызы зор»  (бұл Қайымның өмірлік ұстанымы)

Дәл осы күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Алаш арыстарының бірі, ғалым, әдебиет сыншысы, жазушы, драматург, абайтанудың асқан білгірі Қайым Мұхамедхановтың туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Аталған көрмеде Қ.Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері», «Абай шығармаларының текстологиясы жайында», «Комиссар Ғаббасов», «Хаттар сөйлейді» және ғалымның 10 томдық шығармалар жинағы, тағы басқа ақын-жазушылардың абайтанушыға қатысты айтқан пікірлері мен сөздері, фотосуреттері қойылды.
Көрмемен қаланың зиялы қауым өкілдері және музей қонақтары танысты. Аталмыш іс-шараға Абайдың «Жидебай-Бөрілі»қорық-музейінің баспасөз қызметімен меймандары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Сол дәуірдің кейбір құжаттары  – жарты ғасырдан кейін де біреулерге  ұнамасы  белгілі  /не всем по нраву/. Өткен күннің қорқынышы мен пендешілік көңілді бүркемелейді.  Бұл ретте, онсыз да жала жабылған әкелер ұрпағы өкпелеп қалмай ма? Не істеу керек?.  Жалған жағдаяттар мен этикалық түсініктер салдарынан тарихты жабу, түзету, қайта жазу үлкен күнә. Егер біз халықтың рухани прогресімен санасқымыз келсе, шындықтың бетін ашып, білуіміз керек. Қайым Мұхамедхановтың ең маңызды пікірі бірі осы».

«Ғалымның есімі – келешек ұрпағына арнаған сөздері, Абай арқылы, «жылы жүрек және ыстық қайратпен» мәңгілік есте қалуы тиіс. Қазақ интеллигенциясының шынайы өкілі Қайым Мұхамедхановтың соңына қалдырған мұрасы  –  өміршеңдік, шынайы ақиқат,  ерік-жігер, бекзаттық, рухани тазалық, биікке ұмтылу қасиеттері». 

Герольд  БЕЛЬГЕР

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar