USD446.49EUR475.38RUB4.79

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ МУЗЕЙДЕ

03 наурыз 2023, 11:32
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейіне Бибігүл Төлегенованың антологиясын қабылдау рәсімі өтті.
БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ МУЗЕЙДЕ
2022 жылдың желтоқсан айында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен және «Ақ Ертіс» қорының қолдауымен Абай облысында алғашқы жаңа жылдық бал-марафон өтті. Шара аясында Абай облысындағы жетім балаларды қолдау мақсатында аукцион ұйымдастырылып, оның нәтижесінде жиналған 35 миллион теңгеден астам қаржы балаларға арналған арнайы шоттарға аударылды. Қайырымдылық аукционындағы лоттардың біріне әйгілі жерлесіміз Бибігүл Төлегенованың бірегей жеке антологиясы ұсынылды.
Аукцион нәтижесінде кәсіпкер Рафаил Хазипов құнды лоттың иегері атанып, оны Семей қаласына сыйға тартамын деген болатын.
Антологияны қабылдау рәсімінде музей директоры Қайрат Сабырбаев өмірі әнмен әдіптеліп, өнермен өрнектелген әйгілі жерлесіміз орындаған туындылар енген антология құндылығы туралы айтты.
Рафаил Хазипов қазақтың мақтанышына айналған талант иесінің жеке антологиясы өлкетану музейінің экспозициясының мазмұнын толықтыра түседі деген пікірін білдірді.
Бұдан соң жәдігерді қабылдау актісіне салтанатты түрде қол қойылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar