USD484.37EUR531.06RUB5.05

Ала доп шеберіне арналған турнир

31 қаңтар 2020, 13:05
Жақында «Спартак» стадионының спорт залында КСРО спорт шебері Серғазы Рымбаевты еске алуға арналған XV дәстүрлі футзал турнирі болып өтті. Аталмыш турнирге 12 команда қатысты. Турнирге Серғазы Рымбаевтың отбасы, бірге еңбек еткен жолдастары келді. Шараны Семей қалалық спорт комитеті және Семей қаласының футбол федерациясы ұйымдастырды.
Ала доп шеберіне арналған турнир

    Футбол мансабының соңында Серғазы Рымбаев «Спартак» футбол клубының төрағасы болып жұмыс істеді. Оның тәжірибесі, білімі мен кәсібилігі Қазақстан футболының бетке ұстары «Елім-ай» командасында ойнады. Осы команда құрамында үш рет Қазақстан чемпионы атанды.

   Әділет Рымбаев,

Серғазы Рымбевтың ұлы:

         - Бүгін «Спартак» футбол алаңында  жылсайынғы дәстүр бойынша Серғазы Рымбаевты еске алу турнирі болды. Ұйымдастырушылары әкемнің жақын достары, әріптестері. Семей қалалық әкімшілігі және Семей қаласының футбол федерациясы. Турнир жылсайын өткізілуде, биыл өткізіліп отырылғанына  15 жыл болды. Жарысқа қатысушылардың саны жыл сайын артуда. Бұл турнирдің берері мол.

            Мен кішкентай кезімнен футболға байланысым болды. Себебі, менің дүниеге келгенімді естіген әкем маған өзінің футболдағы алғашқы жаттықтырушысының есімін қойған. Сондықтан менің жолым белгілі болды. Мен осы жолда өстім, мен түсіндім ол менің мақтан тұтар тұлғам екенін. Әкем танымал адам болды, кең жүректі, жанкүйерлері ол үшін алаңға келетін. Мен сондай жақсы ортада өстім. Бұл менің болашақтағы жолымды айқындап берді.       

 Алматы қалалық энергетика және байланыс университетін бітергем. Қазіргі таңда “Транстелекомда” қызмет атқарамын. Бірақ бала кезгі ісіммен әліде айналысамын, Алматыдағы футбол чемпионаттарына қатысамын. Бүгінде біздің команда чемпион.

Былтыр С.Сарсековтың арқасында Семей қаласының музейіне әкеме қатысы барлық мәліметтер берілді. Оның ішінде атап айтатын болсам медальдар,  футбол формасы, кубоктары, фотолары, сувинерлері, грамоталары, әкем жайлы газет беттеріне шыққан мақалалары, доптары бар. Өзіміз көріп тұрғандай әкеме арналған көрмеде барлығы  қойылған.  Әкем осы жолға кішкентай кезінен келді. Ол көптеген жолдардан өтіп, ҚазССР футболындағы  бірінші  қазақ  болып «Спорт шебері» атанды.  “Спартак” футбол командасының капитаны болды. 312  матчтың 18-інде гол соғып, Қазақстанның  үш мәрте чемпионы болды. Қазіргі танымал футболистер оның ішінде  Самат Смаков, Андрей Корпович, Андрей Богомолов, Сергей Боченко әкемнің қомқорлығында болды. Әкемнің күш-жігерінің, еңбегінің арқасында олар футболға деген өз жолдарын ашты.

         Осыны ұйымдастырып отырған әкемнің  достарына, Семей қалалық әкімшілігімен футбол федерациясына алғысым шексіз. Жыл сайын турнирге келеміз.

          Рымбаева Гүлшат Серікқазықызы, жұбайы:

        - Бүгін Семей қаласында Қазақстан футболының Семей футболының ардагері және Шығыстағы алғашқы «Спорт шебері» атағын алған қазақтың жігіті, менің жұбайым.  Серғазы Рымбаевты еске алу турнирі  өз мәресіне жетті. Турнир 15 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Бұл турнирге қатысушы бүкіл осы қаламыздың  футбол сүйер қауымы жас жеткіншектерден бастап, ардагерлердің барлығы  осы футболды сүйгендіктен  және Серғазы Рымбаевты еске алып тағызым еткендіктен келеді. Болашақ жас ұрпаққа беретін үлгі-өнегесі өте көп деп ойлаймын. Өйткені, тек Серғазыны ғана еске алып қана қоймай бүкіл футбол сүйер қауымды біріктіріп, осындай турнирлерді  өткізіп жатқан Семей қаласының әкімдігінің спорт комитетіне футбол федерациясына үлкен  рахметімізді білдіреміз!

        Біз Серғазымен жалпы 18 жыл бірге өмір сүрдік, екі баланы тәрбиеледік. Кішкентай кезінен бастап осы балаларды футболға баулып, енді мен өзім тұрмысқа шықпай тұрып хоккеймен мәнерлеп сырғанауды жақсы көретінмін. Одан кейін тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасым футболист болғандықтан, футбол туралы қаламыздың әр газетіндегі  мақалаларды оқып, «Спартак» футбол алаңында болатын әр жарысқа отбасымызбен ішкен асымызды жерге қойып, баратынбыз. Сондықтан әлі күнге дейін Қазақстанның футбол командаларына жанкүйерміз. «Қайрат» футбол командасы Алматыда ойнағанда отбасымызбен  жанкүйер болып баратынбыз. Серғазы Рымбаев  өмірінің 25 жыл уақытын осы футболға арнады. Серғазының  басшылығымен «Елім-ай» командасы бүкіл Қазақстан бойынша үшінші орынды иеленуі үлкен жеңіс болды. Осы кезде Серғазы аға тренер қызметін атқарды. Еске алатын жағдайлар өте көп.

 Ероеев Сергей 

футболдан Қазақстанның  

спорт шебері ,

«Спартак» және «Елім-ай»

командаларының ойыншысы:

       - Серғазы Рымбаевпен 10 жылдай бір командада ойнадық. 1981 жылдан бастап бір командада болдық. Қазақстан кубогін алдық. «Елім-ай» чемпион болды. Серғазы Рымбаев жақсы ойнады. Ойланып ойнайтын  футболшы болды. Ол футболға жан- тәнімен беріліп, жақсы көретін. Біз жыл сайынғы өткізіліп отыратын турнирге қалмай қатысамыз, себебі біз бірге ойнап, талай жетістіктерге бірге жеткен болатынбыз.

Осылайша ала доп шеберін ардақтаған турнир өз мәресіне  жетті.  Жарыс қорытындысы бойынша, Спартак командасы І орын,      Жолдасбаев 55 ІІ орын, Медик  ІІІ орынды иеленіп, кубоктармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar