Екінші турдың соңғы ойын күнінде Шымкентте жергілікті «Ордабасы» Павлодар облысының «Ақсуын» 2:0, Түркістанда «Тұран» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, Оралда жергілікті «Ақжайық» Ақтаудың «Каспийін» 3:1 есебімен сүріндірді. Еске салсақ, бұдан бұрын 15 және 16 шілде күндерінде бес ойын өткізілді.
Сырт алаңда алматылық «Қайрат» «Атырауды» 3:2, Қызылорданың «Қайсары» Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеден» 2:1, «Тараз» Түркістан облысының «Мақтаралынан» 4:2 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде елордалық «Астана» қарағандылық «Шахтер» (Қарағанды) командасынан 5:2 есебімен жеңді. Енді Қазақстан кубогы үшінші тур ойындары 22, 23, 24 шілде күндері өткізіледі.