
Балуан жеңіл салмақ рейтингінде бір сатыға көтеріліп, оныншы орынға ие болды, деп жазады күрескердің менеджері Саят Абдрахманов Instagram-да.
Тоғызыншы орында ирландиялық Конор Макгрегор, ал рейтингті американдық Джастин Гэтжи басқарады.
Айта кету керек, Рафаэль Физиев өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізді - ол жаңа зеландиялық күрескер Брэд Ридделлді (10-2) аяусыз нокаутқа жіберді.