USD0EUR0RUB0

Қытай футболдан Азия кубогын өткізуден бас тартты

13 шілде 2022, 11:09
Қытай елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылы футболдан Азия кубогын өткізбейді, деп хабарлайды Азия футбол конфедерациясының сайты (AFC).
Қытай футболдан Азия кубогын өткізуден бас тартты

Жарыс келесі жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында Қытайдың он қаласында өтуі керек еді. Алайда, ұйымдастыру комитеті пандемияға байланысты оған Азия кубогын толық ашық режимде ұйымдастыру қиын болатынын мойындады.

"Азия футбол конфедерациясы COVID-19 пандемиясынан туындаған ерекше жағдайларды мойындайды, бұл Қытайдың турнир өткізу құқығынан бас тартуына әкелді", − делінген AFC хабарламасында.

Турнирдің жаңа орны кейінірек жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыстар төрт жылда бір рет өткізіледі. Азия Кубогының финалдық кезеңіне 24 команда іріктеледі. Кубоктың қазіргі иегері-2019 жылы жеңіске жеткен Катар құрамасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 мамыр 2023, 17:00
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar