USD476.62EUR485.53RUB7.96

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі басталады

08 шілде 2022, 15:57
- Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі жалауын басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі басталады

Алғашқы тур ойындары 8, 9, 10 шілде күндері өткізіледі. Ал екінші тур 15, 16, 17 шілдеге белгіленген.

Бүгін 8 шілдеде «Ақсу» мен «Атырау», «Қайсар» мен «Ақжайық», «Шахтер» мен «Тұран», «Жетісу» мен «Астана» командалары кездеседі.

 Ал 9 шілдеде «Қайрат» пен «Ордабасы», «Тараз» бен «Тобыл», «Мақтарал» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

Қазақстан кубогының алғашқы турын 10 шілдеде «Каспий» мен «Қызылжар» командалары түйіндейді.

Сондай-ақ командалар үшінші тур ойындарын 22, 23, 24, төртінші турды 29, 30, 31 шілде күндері өткізсе, бесінші тур 5, 6, 7 тамызға есептелген.

Алтыншы тур 13, 14, 15 тамызда ойналады.

Жеребе нәтижесі бойынша 16 команда төрт топқа бөлінген.

Оның 14-і Премьер-лигада сынға түсетін клубтар болса, жарыстың үш сатысында жеңімпаз атанған «Қайсар» мен «Жетісу» олардың қатарына қосылды.

Командалардың топтарға бөлінуі төмендегіше: А тобы: «Ақсу», «Атырау», «Қайрат», «Ордабасы» В тобы: «Қайсар», «Ақжайық», «Каспий», «Қызылжар» С тобы: «Ақтөбе», «Мақтаарал», «Тараз», «Тобыл» D тобы: «Шахтер», «Тұран», «Жетісу», «Астана».

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты негізгі сатысының жеребесі тартылған еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar