USD483.23EUR534.74RUB5.12

Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шықты

08 шілде 2022, 15:55
– Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті.

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет ойнап, соның екеуінде С. Халеп жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Е. Рыбакина бірінші партияны қарқынды бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Елена екінші сетте де 2:0 есебімен алға кеткенімен, Симона сол бойда таразы басын теңестіріп үлгерді – 2:2.

Дегенмен, қазақстандық спортшы қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Осылайша, Е. Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан тұңғыш рет Уимблдон жарысының финалына өтті.

Бұл – теңдессіз табыс. Елена Рыбакина Ұлыбритания ашық чемпионатының финалында әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салады. О. Жабер жартылай финалда әлемдік рейтингіде 103-орында тұрған германиялық Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның тұңғыш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өткенін жазғанбыз. Сондай-ақ, Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалдық кездесуін өткізетіні хабарланды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

6 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar