USD418.41EUR507.95RUB5.69

Семейде волейболдан ел чемпионаты өтіп жатыр

19 желтоқсан 2020, 12:58
Қаламызда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының ІІ тур ойындары басталды. Ұлттық лига шеңберінде «Арена» копфункционалды мәдени-спорт кешенінде өтуде. Ойынның алғашқы күнінде Шығыс Қазақстанның «Алтай» командасы турнир кестесіндегі тізімді бастап үздіктер қатарынан көрінуде.
Семейде волейболдан ел чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жарыс желтоқсан айының 10 мен 19 аралығында өтеді. Жарыстың алғашқы күні үш кездесу өтті. Оған жалпы саны жеті команда қатысады. Алайда, шектеу шараларына байланысты жарыс көрерменсіз өтуде. Соған қарамастан қыздар күш-қуаттарын жинап, ойынға жақсы көңіл-күймен қатысуда.

- Жалпы, осы Ұлттық лигада ойнап жүргеніме жеті жылдың жүзі болып қалды. Әр ойынға ерік-жігерімізді жинап, алдағы кездесулерде жеңіске жетеміз деген ойдамын. Өз жеріміздегі ойынды ойдағыдай өткізуге тиіспіз. Жанкүйерлер ойынды залда тамашаса деймін. Дегенмен, теледидардан көрсетіліп жатқандығыда волейбол жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық болары анық, - деді «Алтай» волейбол клубының мүшесі Мөлдір Кәрімова.

-Бұл – жыл сайын қыз балалар және әйелдер арасында өткізілетін волейбол біріншілігі. Ол қазан айында басталып, наурыз-сәуір айларында аяқталады. Биылғы жылы біріншілікті Семейде өткізу туралы шешім қабылданды. Өйткені, біріншіден бұл жерде жаңа арена ашылды. Ал, екіншіден, Өскемен қаласында эпидемиологиялық жағдай нашар болуына байланысты біз чемпионатты осында көшіргенді жөн көрдік.  Алаңда біз төртінші күн жүрміз. Ол өте үлкен, кең және халықаралық деңгейдегі жарыстарға сай. Дегенмен алғашқы күндері кеңістіктің үлкен болуына байланысты бойымыз үйренбеді, сондай-ақ кейбір ойыншыларды ашық жарық сәулесі көздеріне әсер етті, ал қазір қыздар бұған үйренді және еш қиындықсыз ойнауда – дейді «Алтай» волейбол клубының баспасөз хатшысы Диана Грохотова. 

Волейболдан Қазақстан чемпионаты «Қарағайлы» ықшамауданындағы мәдени­-спорттық кешенінде өтуде. Чемпионатқа 7 команда қатысуда, олардың екеуі Шығыс Қазақстан облысының командасы: «Алтай» және  «Алтай-2». Екі команданың да нәтижесі жақсы деңгейде. Волейболшылар мұнда спортшылар үшін  барлық жағдай жасалғанын айтады. Олардың алдында әлі бірнеше кездесулер бар. «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы ойынды тамашауға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
13 қаңтар 2021, 15:48
30 желтоқсан 2020, 15:33
30 желтоқсан 2020, 15:28
23 желтоқсан 2020, 16:51
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2021
Әрленім және құрастыру
SemStar