USD446.49EUR475.38RUB4.79

Шығыста Елбасының қолдауымен көптеген спорттық кешендер салынды

08 шілде 2020, 15:59
Мұхамедолла Ағзамов, облыстық спорт ардагерлерінің төрағасы, гір спортынан бірнеше дүркін Азия және әлем чемпионы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор:
Шығыста Елбасының қолдауымен көптеген спорттық кешендер салынды

– Соңғы отыз жылда еліміздің барлық өңірінде, әсіресе Шығыста Елбасының қолдауымен көптеген спорттық кешендер салынды. Оның ішінде Өскеменде «Жекпе-жек» сарайы, орталық бассейн, Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі, спорттағы дарынды балаларға арналған 450 орындық мектеп-интернаты сынды ірі нысандар бой көтерді. Бұдан бөлек облысқа қарасты аудан-қалаларда қаншама спорттық нысандар, бұрын-соңды болмаған мұз айдындары кешені, теннис орталықтары, спорттық-сауықтыру кешендері пайда болды, алдағы уақытта да салынбақ. Мәселен, келесі жылы Ұлан ауданындағы Айыртау, Бозанбай және Таврия ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы басталады. Осының бәрі – Елбасының тікелей тапсырмасына орай, спортқа көңіл бөлу, халықтың денсаулығын, жағдайын түзету мақсатында жасалған ірі жобалар.

Елімізде спорт саласының қарқынды дамуы, спортшыларымыздың дүбірлі додалардағы айтулы жеңістері Елбасының спортқа деген жан-жақты қолдауының нәтижесі екені анық. Бүгінгі таңда бұқара халықтың спортқа құлшынысы артқанын,ел спорты әлемде алдыңғы қатардан көрініп, жыл өткен сайын өркендеп, дамып келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Саңлақтарымыз асқар асуларды бағындырып, Көк байрағымызды биіктерге көтеріп жүр.

Елбасының арқасында қаншама қазақ баласы бұрын-соңды басынан кешпеген жеңістерге жетіп, әлемдік аренада өздерін көрсете бастады. Осының барлығы да Елбасының ерен еңбегі деп білемін.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar