USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей қаласында спорт мерекесі жоғары дәрежеде тойланды

23 тамыз 2023, 15:14
Ең алдымен спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаев жаттықтырушыларды, спортшыларды, ардегерлерді және қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Спорт күнімен құттықта Семей қаласының әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлының атынан бірқатар жаттықтырушылар мен бапкерлерді құрмет грамоталарымен марапаттады.
Семей қаласында спорт мерекесі жоғары дәрежеде тойланды

Сондай-ақ, аты аңызға айналған каратэнің көне мектептерінің бірі болып келетін Абай облысының киокушинкай каратэ федерациясының ұйымдастыруымен дәстүрлі Кекушинкай каратэ бойынша «Рухы күшті» клубаралық Семей қаласының Ашық турнирі өтті. Турнирге Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласынан және Абай облысы Семей қаласының кекушинкай каратэ спорт мектептерінің 8 жастан – 17 жасқа дейінгі 100 – ден астам спортшылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жарыс барысында федерация тарапынан өткізген аттестациялау қорытындысы бойынша қоңыр, жасыл және сары белбеулерге ие болған спортшылар марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Спорт күнін мерекелеу аясында ағымдағы жылдың тамыз айының 20-ы күні қалада асық ойынынан, армрестлингтен, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбыдан, велоспорттан, баскетболдан, воркауттан, таеквондо /WT/ және т.б. көптеген спорттық шаралар өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar