USD484.37EUR531.06RUB5.05

Ресейлік хоккейші әлем чемпионатында Қазақстан атынан ойнау үшін азаматтығынан бас тартты

19 сәуір 2023, 14:54
Хоккейші Дмитрий Гурков Ресей азаматтығынан бас тартты. Қазақстан құрамасында ойнап жүрген спортшы әлем чемпионатына қатысу үшін осындай қадамға барған
Ресейлік хоккейші әлем чемпионатында Қазақстан атынан ойнау үшін азаматтығынан бас тартты

26 жастағы спортшының Ресей азаматтығынан бас тартқанын Sportbox жазды. Дерекке сүйенсек, Дмитрий Қазақстан азаматтығын да алған екен. Бірақ әлем чемпионатынан Ресей мен Беларусия құрамаларының шеттелуі ойыншының киын шешім қабылдауына алып келген. Ақырында ол Қазақстан азаматы паспортымен қалып отыр. 

“Шабуылшы Азия елінің заңнамасына байланысты тек Қазақстан паспортын қалдыруға мәжбүр болды. Бұған дейін жанкүйерлер төрт хоккейшінің қос азаматтығы бар екенін ескертіп, тексеруді талап еткен. Осылайша ойыншыларға Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатында (Әлем кубогында) өнер көрсеткісі келсе Ресей паспортынан бас тарту ұсынылды”, - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, спортшы биылғы маусымда “Барыс” сапында өнер көрсетті. 34 ойын өткізген ол бір мәрте нәтижелі пас берген.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar