USD448.15EUR483.46RUB4.86

Ат спорты түрлерінен Семей қаласының ашық турнирі өтті

17 сәуір 2023, 12:15
Демалыс күндері Степной кентіндегі қалалық ипподромда Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен Абай облыстық "Бәйге" федерациясының ұйымдастыруымен ат спорты маусымының ашылуына орай Семей қаласының ашық турнирі өтті
Ат спорты түрлерінен Семей қаласының ашық турнирі өтті

Турнирге облысымыздың аудандарымен қалаларынан келген шабандоздар тай, құнан және аламан бәйге сындарынан тұратын қашықтыққа қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Турниге 60-тан аса cәйгүліктер мен шабандоз қатысып бақтарын сынады.

«Бұл жарыс түрі облысымыз құрылғалы бері алғаш рет өткізіліп тұр. Қалалық бәйгеден үздік шыққан жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бәйгені тамашалауға келген көрермендердің саны көп болды. Болашақта басқа да ұлттық спорт ойындардан дәл осындай турнир өткізу жоспарымызда бар», -деп атап өтті спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дүйсенбаев.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды. Сонымен бірге демеушілер атынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar