USD448.81EUR476.82RUB4.77

«Номад» хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

13 сәуір 2023, 10:54
Финалдық серияда 2022/23 маусымында астаналық "Номад" пен ташкенттік "Хумо" кездесті.Бес кездесуде жеңіске Қазақстан астанасының командасы жетті
«Номад» хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

Команда соңғы алты жылда алғаш рет ел чемпионы атағын иеленіп, алтын медальға ие болды. 

Шараға Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФФ бас директоры Глеб Каратаев және ФХУ бірінші вице-президенті Баходир Гафуров қатысты.

 

Маусымның үздік қақпашысы "Номадтың" қақпашысы Андрей Шутов, ал үздік қорғаушы "Хумо" ойыншысы Алексей Кириллов атанды. Үздік шабуылшы болып "Номад" сапынан Максим Мұхаметов танылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar