USD448.56EUR478.03RUB4.79

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов "Спартак" стадионына барып, стадионның жай-күйін тексерді

29 наурыз 2023, 14:40
Сәуір айында "Елімай" футбол командасының қайта құрылғаннан кейін Семей қаласындағы алғашқы ойыны өтеді. Осыған орай қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов "Спартак" стадионына барып, стадионның жай-күйін тексерді
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Тексеру жұмыстарына стадион басшысы Е. Көбелдесов, Спорт басқармасының бастығы Ержан Абылқасымов, спорт бөлімінің жетекшсі Бауыржан Дүйсенбаев қатысты.

“Күн жылынғандықтан, футбол ойыны ашық стадионда өтеді. "Елімай" футбол командасының қайта құрылғаннан кейін алғашқы ойыны сәуір айында өтеді деп күтілуде. Оған Қазақстанның әр түкпірінен көрермендер келуі мүмкін. Сондықтан стадионнның іші-сыртын жөндеуді тапсырамын. Ойын алаңын көгалдандыру керек",- деді қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.



1966 жылы ашылған "Спартак" стадионының көрермен сыйымдылығы - 8000 адам.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar