
Абай облысының намысын қорғаған Семей қаласының екі өкілі 52 келі салмақта Жетпісбаева Айым және 63 келі салмақта Бақтиярова Ләззат 1-ші Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері атанды. Жаттықтырушы: Тоқтамысова Мадина Елтайқызы.
Сонымен қоса, облысымыздың спортшылары, AS MANSUR team спорт клубынан Бангкок қаласында өткен джиу-джитсудан халықаралық чемпионатта алтын және 2 күміс медальдарын алып, жүлдегер атанды.
Олардың ішінде:
1 орынды-Кумарова Дильназ
2 орынды-Кумарова Дильназ
2 орынды-Арсаков Жанарбек иеленді.

Абай облысында самбо күресінен жасөспірімдер мен қыздар арасында Сағи Ескендіров атындағы турнир өтті.
Жарысқа 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер және 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Айта кетейік, облыс чемпионатынан бірінші және екінші орын алған спортшылар ел біріншілігінде Абай облысының намысын қорғайтын болады.
7-11 Наурыз күндері Семейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Ел біріншілігі «АРЕНА» спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Кіру тегін!