
- Құсбегіліктен Атырау облысында өткен ҚР ХVl чемпионатында Үржар ауданының белгілі бүркітшісі Ерзат Байқадамов жүлделі 2 орынға ие болды.
Қазақ күресінен жастар арасындағы ҚР чемпионатының 2-ші күнгі нәтижесі
44келі Қазез Жанат 1 орын
44келі Өмірбекова Бақыт 2 орын
52келі Әділханова Ботагөз 3 орын
72келі Фермабек Керім 3 орын
78келі Нұрсейітов Марат 2 орын

Үржар ауданының жас палуаны Алихан Задаев Талдықорған қаласында «Грек-Рим» күресінен Қуаныш Маназаров еске алуға арнаған жасөспірімдер арасында өткен Республикалық турнирінде 92 кг салмақта 1 орын иеленді.
- Щучинск қаласында өткен Биатлоннан Қазақстан Республикасының жастар кубогы өз мәресіне жетті.
Жасөспірімдер арасында екі І орын алтын медальді Титиевская Кристина мен ІІ орын Қыздар арасында Қарабаева Алема жеңіп алды. Сондай-ақ қыздар арасында Эвелина Мезинцева күміс ІІ орынды иеленді.
Екі спортшымыз – Титиевская мен Қарабаева іріктеуден өтіп, Щучинск қаласында 1-12 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
- Әскери қолданбалы спорт түрлерінен "Жас сарбаз" Республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиленушілері арасында, Алматы қаласында өткен ІІ Республикалық "Қалқан" қысқы Спартакиадасында жекелей сында Девяткова Дарья Александровна-1 орын, Беленков Михаил Алексеевич-1 орын иеленді.
Жалпы ұпай бойынша Абай облысының "Абай қырандары" әскери-патриоттық клубы үздік бестікке кіріп, 4 орынға табан тереді.
- 24 ақпанда ғылыми абайтанудың негізін салушы Қайым Мұхамедхановты еске алуға арналған волейболдан 2006-2007, 2008-2009, 2010-2012 жылғы ұлдар мен қыздар арасында Абай облысының көктемгі чемпионатының ашылуы өтті. Жарысқа барлығы 300-ден астам бала қатысты.
- «Алғыс айту» күніне орай, Абай облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында шаңғымен жарыс спортынан сайыс өтті. Барлық аудандардан жалпы 70 спортшы қатысты.