
Чемпионат Қазақстанның түкпір-түкпірінен 216 мықты спортшының басын қосты.
Ауқымды спорттық шараға 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың боксшылары қатысты.
Абай облысының боксшылары 2 алтын және 2 қола медальдарға ие болды:
- 1 орын Ермахан Жақпеков (71 келі)
- 1 орын Ерасыл Жақпеков (80 кг)
- 3 орын Бекнұр Ожанов (60 келі)
- 3 орын Ернар Қарап (48 келі)
Қазақстан бокс тарихында Талғат Жакпеков бір чемпионатта екі бірдей ұлын чемпион дайындап отырған тұңғыш әке.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!