USD446.49EUR475.38RUB4.79

Исламиадада суға жүзуден 2 қазақстандық жүлде алды

16 тамыз 2022, 16:40
– Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық жүзу шеберлері Даниэла Дю мен Ксения Игнатова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Исламиадада суға жүзуден 2 қазақстандық жүлде алды

Даниэла 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде 00.58.80 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.

Сондай-ақ, 200 метр қашықтықта 02.15.76 нәтижесімен Ксения қола жүлдегер атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізді. Көрсеткіші – 53,20 секунд.

Ал, София Әбубәкірова 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде 27,17 секунд көрсеткішімен мәреге қарсыластарынан озық жетті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar