Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық Дамир Жалғасбай финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Сава Рыбакинмен сынға түсті. Тартысты өткен бәсекеде ресейлік теннисші 7:6 (7:4), 4:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.
Германияның тағы бір қаласы - Дюренде 25 шілдеде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша супер жарыс басталады. Онда Қазақстан намысын әлемнің 14 жасқа дейінгілер арасында төртінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы, сондай-ақ Сәтима Төреген, Ариана Гогулина қорғайтын болады.
Бұдан бұрын Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаевтың әлемдік рейтингіде жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізген.