USD488.11EUR530.09RUB5.01

Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған ШҚО-ның 100-ден астам тұрғынына айыппұл салынады

20 қазан 2022, 16:15
Транзиттік көлік, коммуналдық қызметтер, жатақханалар мен құрылыстар: "Нелегал" операциясы кезінде бұл нысандардың барлығы полицейлердің бақылауында болды.
Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған ШҚО-ның 100-ден астам тұрғынына айыппұл салынады

Айта кетейік, жедел-алдын алу іс-шарасының бір аптасында полицияға шетелдіктерді қабылдайтыны туралы хабарламағаны үшін 100-ден астам шығысқазақстандықтар жауапқа тартылды. Солардың бірі Алтай кәсіпкері болды.

- "Алтай ауданының ЖШС-нің иесі аудан аумағына осы жылдың қазан айының басында шетелдік азаматтың келгені туралы хабарламады. Полиция органдарына шетелдіктің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабы 3-бөлігі бойынша 70 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік хаттама жасалды", - деді бастықтың міндетін уақытша атқарушы ШҚО ПД Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД  көші-қон қызметі жеке және заңды қабылдаушы тұлғаларға 3 күн ішінде оларда шетелдіктердің болуы туралы хабардар етуге міндетті екенін еске салады. Ол үшін олардың мекендеген орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық-көші-қон порталының қызметтерін пайдалану қажет (vmp.gov.kz) немесе eQonag ақпараттық жүйесі.

"Нелегал" жедел-алдын алу іс-шарасы  ШҚО-да 10-17 қазан аралығында өткізілді.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar