USD443.85EUR474.3RUB4.8

23 синтетикалық ораманы облыс орталығының тұрғыны қалтасында алып жүрді

19 қазан 2022, 12:27
Полицейлер есірткіні Өскемен тұрғынының қалтасынан тапты.
23 синтетикалық ораманы облыс орталығының тұрғыны қалтасында алып жүрді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер ҚР ҰК ЖСН қатысуымен Самар тас жолы ауданындағы теміржол өткелінің жанында "Рефлекс" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 28 жастағы өскемендікті ұстады.

Ұсталғанның қалтасынан жеке тінту барысында полиция қызметкерлері ұнтақ пен түйіршік түріндегі затпен жабысқақ таспамен оралған 23 ораманы тауып алып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 1,52 грамм "альфа - pvp" және жалпы салмағы 19,02 грамм "мефедрон" психотропты зат болып табылады.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

ШҚО ПДҚ баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar