27 жастағы Toyota жүргізушісі Үлкен Нарын — Күршім автожолымен жүріп келе жатып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамады және көлікті кюветке аударуға жол берді.
Нәтижесінде 1963, 1969, 1979 және 1992 жылы туған төрт ер жолаушы қаза тапты. Жүргізуші жарақат алып ауруханаға жатқызылды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу).
ШҚО ПДҚ баспасөз қызметі