Дереу тергеу-жедел тобы құрылды, оны Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері басқарды.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған малдың бір бөлігі анықталды.
Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында аталған мал жем-шөп базасының аумағына уақытша қамалды.
Қазіргі уақытта жәбірленушіге 25 бас қайтарылды, сондай-ақ Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан бұрын ұрланған мал қосымша табылды. Барлығы 47 бас мал тәркіленді.
Ұрланған малды анықтау мақсатында біз фото-кестелер мен бейне-материалдарды дайындадық, оларды айрықша белгілері бойынша тануға болады. Аталған материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Біз жақын маңдағы округтердің тұрғындарына мал басын анықтауға көмек көрсеткіміз келеді, егер сізде қандай да бір ақпарат болса, полицияға хабарласыңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі