Өскеменнің 32 жастағы тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, бейтаныс жігіт пәтер сатып алу үшін ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесуге уәде бергенін хабарлады.
Polisia.kz хабарлауынша, өз қызметі үшін ол әйелден 3,2 млн теңгені бір қонақ үйі кешенінің бірінде алды. Уәде етілген ипотека мен ақшаны қайтаруды күтпей, жәбірленуші тәртіп сақшыларына жүгінді.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото Коллаж © Polisia.kz