USD448.15EUR483.46RUB4.86

ШҚО-да өрттен кейін жансақтау бөліміне түскен сарбаздар марапатталды

26 қыркүйек 2022, 16:29
ҚР Ұлттық гвардиясының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, 5518 әскери бөлімінде Каменный Карьер ауылында өртті сөндіруге белсенді қатысқан мерзімді қызметтегі сарбаздарға құрмет көрсетілді.
ШҚО-да өрттен кейін жансақтау бөліміне түскен сарбаздар марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, жалпы аумағы 60 гектар болатын өрт 7 қыркүйек күні таңертең пайда болды. Өртті сөндіруге 200-ден астам әскери қызметші қатысты.

- 5518 әскери бөлімінің жедел қызметінің үш сарбазы өрт сөндіру кезінде улы газбен уланып, реанимация бөлімшесіне жатқызылды, - деп хабарлады ҚР ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметі. - Олардың арқасында тұрғын үй ғимараттарына жақындаған жалынды уақытында анықталды.

Қатардағы жауынгерлер Асхат Бекбосынов, Далер Гнеев және Есен Болатхан өз командиріне қауіп туралы жедел түрде баяндады, соның арқасында жалын үйлерге жақындағанда тоқтады.

Батырларды грамоталармен марапаттады, сарбаздардың Отанына алғыс  хаттар жіберді, сондай-ақ оларға он күндік демалыс берілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar