USD474.83EUR515.38RUB5.5

ШҚО-да баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам анықталды

12 қыркүйек 2022, 16:35
– Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО-да баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам анықталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жыл басынан бері өңір аумағында баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адамды анықтады. Мәселен, Өскеменде ер адам қызына 4,3 млн теңге қарыз болған.

Азамат 14 жастағы қызына 2021 жылдың ақпан айынан бері ақша аудармай келді. Жеке сот орындаушысы көші-қон қызметіне 36 жастағы азаматқа іздеу жариялау туралы қаулы жіберген.

«Іздестіру іс-шаралары барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның қайда екендігі анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», - деді облыстық ПД көші-қон басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar