USD488.11EUR530.09RUB5.01

Риддерде зейнеткер әйелдің үйінен оқ-дәрілер қоймасы табылды

12 қыркүйек 2022, 16:31
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұратын зейнеткердің үйінен ірі көлемде оқ-дәрілер табылды.
Риддерде зейнеткер әйелдің үйінен оқ-дәрілер қоймасы табылды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Қару» жедел-алдын алу шарасы барысында оқ-дәрі қоймасын анықтады.

«62 жастағы зейнеткер үйінің кіреберісіндегі зат қоятын бөлмеде ірі көлемде оқ-дәрі сақтаған. Тінту барысында 5,6 мм калибрлі 703 патрон, тегіс ұңғылы мылтықтың 20 мм-лік 37 патроны, ұнтақталған оқ-дәрі салынған 7 қорап, 3 қап бытыра және қару дүмбісі табылды. Қарт кісі барлық арсеналдың қайтыс болған жұбайынан қалғанын айтқан. Алайда күдікті де, оның марқұм күйеуі де қару иелері ретінде базада жоқ болып шықты», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қала тұрғыны қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен (Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың оқ-дәрілерін заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar