Іс-шара балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға және көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыспен байланысты балалардың дағдыларын нығайтуға бағытталған. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің қатысуымен болатын ЖКО алдын алу, оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау дағдыларын үйрету, сондай-ақ жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын балалардың жарақаттану проблемаларына аудару.
Бүгінгі күні акция басталғалы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің іргелес аумақтарын тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюға 179 ұйғарым берілді.
Мектептерде балалармен және ата-аналармен 150-ден астам әңгімелер мен дәрістер өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыс бойынша тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 6131 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 193-і жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін, 498-і жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзғаны үшін, 799-ы балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде 549-ы алдыңғы орындықтарда ДУҚ пайдаланбағаны үшін.