22-31 тамыз аралығында өтіп жатқан "Внимание, дети" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері оқу орындарына іргелес 170-тен астам көшелерді тексеріп, кемшіліктерді жою үшін жергілікті атқарушы органдардың атына 90-нан астам ұйғарым жіберді.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 80 жол белгілерін орнату бойынша қосымша шаралар қабылдап, 92 жаяу жүргінші өткелін жайластырды, "зебра" жол белгілерін жаңартты және 23 жасанды жол кедергісін қалпына келтірді.
ШҚО ПД басшылығымен мектеп қызметкерлерін патрульдеу ұйымдастырылды, сондай-ақ, балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету үшін инспекторлар бекітілді. Айта кетейік, аталған жұмысты полиция қызметкерлері тұрақты негізде жүргізіп келеді және полиция департаментінің бақылауында.