USD524.65EUR552.19RUB5.14

ШҚО инсульт орталығы еліміздегі ең үздік деп танылды

26 тамыз 2022, 13:24
Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы " Ұлттық нейрохирургия орталығы " АҚ еліміздің 74 инсульттік орталығы қатысқан байқау өткізді. 2021 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының инсульт орталығы бірінші орынға ие болды.
ШҚО инсульт орталығы еліміздегі ең үздік деп танылды

Байқау шеңберіндегі  инсульт орталықтарының қызметі көптеген параметрлер бойынша бағаланды. Пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасына, қызметкерлердің кәсібилігіне және ұйымдастырушылық құрамына ерекше назар аударылды.

- Байқаудағы жеңіс - аурухананың инсульт орталығының дәрігерлер, реабилитологтар, логопедтер, психологтар және т.б. мультидисциплинарлық командасы жұмысының нәтижесі. Бұл команда мұнда ең жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейтінін тағы да дәлелдеді, олардың кәсібилігі тіпті өте күрделі пациенттердің өмірін сақтап қалуға, оларды мүгедектіктен құтқаруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті невролог дәрігер Раушангүл Мамырбекова.

Инсульт орталығы - Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының ең жаңа және заманауи бөлімшелерінің бірі. Мұнда жедел ми қан айналымы бұзылған, перифериялық және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы бар науқастар емделеді, қалпына келтіру емі жүргізіледі.

Орталықта диагностиканың жаңа технологиялары қолданылады, ол заманауи компьютерлендірілген аппаратурамен және қозғалысы бұзылған пациенттерді ерте оңалтуға арналған жабдықпен жарақталған.

Бұл адамды мүгедектіктен құтқара алатын негізгі емдеумен бір уақытта басталған ерте қалпына келтіру деп саналады.

ФОТО: kursiv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar